Петропавлдағы “Ұлттық банк” ғимаратының алдында Ұлттық спорт күніне арналған думанды іс-шара өтті. Бұл той қаланың қарбалас тіршілігіне бір сәт жылулық сыйлады. Қатысушылар өнерлерін ортаға салды, бақ сынады, астан дәм таттты.
ДИАС МЭЛС, “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:
— Ұлттық спорт күніне орай жерлестеріміз үшін осындай шара ұйымдастырдық. Қонақтарға ойындар ұсынылды, сондай-ақ “Ұлттық банктің” банкноттары мен коллекциялық теңгелері таныстырылды. Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық театрмен бірлесіп өткізілуде”. Бауырсақ, наурыз көже жасалды. Жерлестеріміз үшін жасалған арнайы шара.
Ләңгі тебу, арқан тартыс, тоғызқұмалақ. Осылардың барлығы бір жерде көрініс тапты. Қатысушылар белсенді қатысып, сергіп қалды. Тойшыл қауым бір-бірін құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.
— Наурыз мерекесі құтты болсын! Осындай жақсы концерттер өте берсін! Амандық, саулық, байлық болсын! Биыл қабылданған жаңа Конституция халқыма тек жақсылық әкелсін!
Қала төрінде ұйымдастырылған тағылымдық, спорттық шара ұлттық құндылықты жаңғыртып, Наурыздың мән-маңызын көпшілікке тағы бір мәрте ұғындырды.
Жаннұр Бектұрғанова