Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шеберлік сабағы өтті. Оның барысында арнайы мамандар шығармашылық үйірмеге қатысатын жас жеткіншектерге қолөнер туындыларын жасауды үйретті.
АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, қалалық жастар ресурстық орталығының маманы:
— Бүгін балалар қазақ халқының әшекей-бұйымдарын жасауды үйренеді. Сонымен қатар ою-өрнектердің суретін салады. Басты мақсат – балаларды қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен сусындату.
Іс-шараға бүгін 10-нан астам жас жеткіншек қатысты. Балалардың сөзінше, шеберлік сабағы өте қызық әрі пайдалы өтуде. Олардың қатарында қазақи нақыштағы әшекейлерді, ою-өрнектерді бірінші рет көріп тұрған жандар да бар.
— Мен қазір әртүрлі оюларды салып жатырмын. Өте қызық. Кейбір өрнектерді бірінші рет көріп тұрмын.
— Мен арнайы картинаға қарап сурет салдым. Олардың бірнешеуін өзім ойлап таптым. Қолыма қылқалам алып бейнелеген ұнайды.
Іс-шара соңына қарай балаларға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, дастархан жайылып дәм ұсынылды.
Ұлан Ыдырыс