Алыс Камчаткадан келген балық Петропавл тұрғындарының дастархандарына жол тартты. Сөрелерде түр-түрімен тізілген қызылбалық, ақбалық, қортпа, кете сынды теңіз өнімі ысталған күйде самсап тұр. Дәмі тіл үйіретін деликатестер көптің көңілінен шығады. “Ас – адамның арқауы” демекші, сапалы өнімге сұраныс әрдайым жоғары. Тұрақты сатып алушы Владимир Данилов бұл дүкеннің өнімін бұрыннан тұтынып, таңдауынан жаңылмағанын айтады.
ВЛАДИМИР ДАНИЛОВ, қала тұрғыны:
— Дүкен үйімнің қасында орналасқан. Келген сайын бір өнім аламын. Мұндағы балық әрдайым балғын, дәмі ерекше. Бағасы да қолжетімді. Зайыбыма ұнайды.
“Дары Камчатки” дүкені Кәрім Сүтішев көшесі, 55 мекен-жайында орналасқан. Сауда күн сайын 09:00-18:00-ге дейін үздіксіз жүріп жатыр. Ал Ұлыстың ұлы күні қарсаңында келушілерге арнайы 10%-дық жеңілдік ұсынылады.