Президенттің Жарлығын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері қайта қаралды. Бүгінде негізі назар салдармен күресу емес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып отыр. Осыған байланысты алдын алу функциялары жүйелі түрде қайта бөлініп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет агенттігіне берілген болатын.
ҒАЛИЯ ЕСІМҒАЛИЕВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті басқармасының бас маманы:
— Біздің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармамыз сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға бағытталған кешенді жұмыс жүргізудеміз.
Қазіргі таңда басқарма мамандары сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтауда. Оларды жоюға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.
ҒАЛИЯ ЕСІМҒАЛИЕВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті басқармасының бас маманы:
— Басқарманың негізгі бағыттары: мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг үйлестіру.
Жыл басынан бері облыс бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері 1200-ден астам адамды қамтыған 38 іс-шара ұйымдастырған. Одан бөлек басқа да маңызды кездесулер өткізілді.
Мәдина Қаби