Мәдениет

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұлттық киімдер көрсетілді

Ұлттық киім күніне орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қабырғасында сән фестивалі өтті. Шара шымылдығын мың бұралған бишілер ашты. Ендігі кезекте – ұлттық киімдер көрсетілімі. Қыз-келіншектер өңірімізге танымал дизайнерлердің қазақи нақыштағы киімдерін көпшілік назарына ұсынды. Таныстырылған туындыларды кәсіпкер Анар Әбдірахманова әкелген.

ЗАҒИПА ЕҒЗАМ, кітапханашы:

— Бүгінгі іс-шарамызға Анар Асхатқызы қонаққа келіп отыр. Ол өзінің “Samga” сән үйінің киімдерін ұсынып отыр.