Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектепте Наурыз мерекесіне орай думанды шара өтті. Ұлыстың ұлы күні ұлттық нақышта өрнектеліп, ән мен би және салт-дәстүрмен сабақтасты. Мерекелік бағдарламада қазақтың бай мұрасы көрініс тапты. Мысалы, “Қыз ұзату” мен “Тұсаукесер” сынды дәстүрлеріміз көрерменге ұсынылды.
САЛТАНАТ ОМАРОВА, С.Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:
— Наурыз мерекесі құтты болсын! Бәрімізге жақсылық әкелсін! Балаларға ұнап жатыр. Осындай ұлттық нақыштағы мерекелер тойлана берсін!”, “Ата-аналарға, оқушыларға, әріптестеріме тек жақсылық тілеймін.