Ұлағатты ұстаздар арасындағы сайыс! “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жергілікті институтында “Жүзден жүйрік-2026” облыстық байқауының екінші кезеңі өтті. Білім додасы өңіріміздің қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері арасында ұйымдастырылды.
ГҮЛЗАТ ӘЛЖАНОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы:
— Биылғы мақсат – педагогтердің оқыту тәжірибесінде оқушылардың ақпараттық сауатттылығын дамыту, жасанды интеллектінің түрлі сервистерін қолдану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну. Солай тәжірибе алмасу.
“Жүзден жүйрік” байқауы 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Алғашында сайысқа тек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Бертін келе қатарға Пушкин мен Шекспир тілінің майталмандары қосылып, жарыстың ауқымы кеңейе түсті. Биыл 200-ден астам ұстаз өтініш білдірген. Соның 176-сы екінші кезеңге өтті. Жеңістен үмітті жанның бірі – Мейрам Әбілов.
МЕЙРАМ ӘБІЛОВ, Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
— Біздің мақсатымыз – жасанды интеллектіні білім беру саласында барынша тиімдірек қолдана алу, алдымыздағы шәкірттерге жаңа әдіс-тәсілдермен білім беру. Соның бәрін әріптестеріме ұсындым.
Байқау соңында үздіктер іріктеледі. Яғни, әр пән бойынша бас жүлде мен жүлделі орындар иегерлері анықталып, марапаттар табысталады.
Жаннұр Бектұрғанова