Петропавлда “Бескөл” сүт өнімдері сатылатын жаңа дүкен ашылды. Енді тұрғындар сапасы аса жоғары тауарларды қаламыздың 20-шы шағын ауданында орналасқан “Корона” сауда үйінен таба алады. Мұнда дастарханға қоятынның бәрі бар. Әрқайсысының дәмі таңдайдан кетпейді.
ҒАЛИБЕК РАМАЗАНОВ, “Бескөл” сүт өнімдері дүкенінің директоры:
— Бізде әртүрлі пайызды сүт, жаңа сауылған сүттен жасалған қатық, қою қаймақ, түрлі дәмдегі йогурттар, айран, бифилюкс, көпшілік сүйсініп ішетін “Снежок” сусыны бар. Сүттің сақтау мерзімі 10 күн болса, қалған өнімдер 7 күн ішінде тұтынуға жарамды. Бұл олардың табиғилығы мен консервантсыз дайындалатынын көрсетеді. Біз тауарларды тек өңірімізбен шектелмей, Көкшетау, Астана, Теміртау, Рудный және Қостанай қалаларына да жеткіземіз.
30 жылдан бері сөреден табылатын өнімдердің тұрақты тұтынушылары аз емес. Солардың бірі – қала тұрғыны Галина Образцова. Талғампаз теріскейлік әр өнімге жоғары баға береді.
ГАЛИНА ОБРАЗЦОВА, қала тұрғыны:
— Өзім осы 20-шы ықшам ауданда тұрамын. “Бескөл” сүт өнімдерін тұрақты түрде сатып аламын. Бұған дейін орталыққа барып, сауда жасап жүрдім. Енді алысқа қатынаудың қажеті жоқ. Керектінің бәрі үйдің қасынан табылады. Өнімдер өте дәмді. Бағасы мен сапасы бір-біріне сай келеді.
Дүкен таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мәдина Қаби