НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ: тілші:
— 2024 жылғыдай опық жеп қалмас үшін қазірден қамдану қажет. СҚО-да өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды. Маңызды шара су айдындарында мұз кептелісі болмау үшін жасалады. Тасқынның алдын алуға зор септігін тигізеді.
Маңызды іспен ақмолалық серіктестік айналысуда. Олар алдымен Есілдің бойынан 20-ға жуық мұзды ойып алды. Кейін жарылғыш зат қойды. Маңызды іске облыстық бюджеттен 83 млн теңге бөлінді. Мамандар 21-наурызға дейін өңірдің жеті ауданында мұз жару жұмыстарын жүргізеді. Айта кету керек, бұл тасқынның алдын алу шарасының балықтарға еш зияны жоқ
ДӘУРЕН ТАУБАЕВ, СҚО ТЖД басқарма бастығы:
— Облыс бойынша 41 учаске белгіленді. Мұздың қалыңдығы – 53-60 см аралығында. Өткен жылдың тәжірибесіне сәйкес осындай жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін механикалық кесу жұмыстарын жүргізген болатынбыз.
Қазіргі таңда облыста 112 ауылды су басу қаупі бар. Елді мекендерде 7 мыңнан астам адам тұрады.
Нұрасыл Ахмет