СҚО әкімдігі

Референдум: Exit poll нәтижесі жарияланды

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды. Шара еліміздің түкпір-түкпірінде өтті. 200 референдум учаскесі қамтылды. Оған 30 мың адам респондент қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша тұрғындардың 86,7 пайызы “Иә, қабылдаймын” деп жауап берген. Айта кету керек, референдумға 9 млн 127 мың 19 адам қатысты. Бұл жалпы көлемнің 73,24 пайызын құрайды.