Қоғам

Наурыз мейрамы кезінде қазақстандықтар 5 күн демалады

Әз-Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады. Демалыс 21-22 наурыздағы сенбі мен жексенбіден басталып, 23-25 наурыз аралығындағы мерекелік күндермен жалғасады. Осылайша ел тұрғындары Наурыз мейрамын жақындарымен бірге атап өтіп, демалуға мүмкіндік алады. Ал жұмыс күні 26-ші наурыз, яғни бейсенбі күні басталады.