Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды. Келесі дода 2030 жылы Францияда өтеді. Жалпыкомандалық нәтижеге тоқталайық. Бірінші – Қытай, екінші – АҚШ, үшінші – Ресей. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын және 1 қола медальмен тізімнің 18-ші сатысынан табылды. Қос жүлдені қанжығаға аймақтан аттанған Ербол Хамитов байлады. Ол пара шаңғы жарысында және пара биатлон бәсекесінде жеңіс тұғырынан табылды. Ербол Ғалымкерейұлы еліміздің тарихында қалады. Теріскейдің тумасы – Паралимпиада ойындарында чемпион атанған алғашқы қазақстандық. Сонымен қатар, оның есімі өңірімізде жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әйгілі велошабандоз Александр Винокуровпен қатар тұрмақ.