Қоғам

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Елімізде көктемнің алғашқы күнінен әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Бұл науқанда 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыннан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Шақырылған жастар Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдерінде қызмет етеді. Ал жалтарып жүргендерге арнайы жаза қарастырылған. Оларға алдымен әкімшілік, кейін қасақана жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Заң бойынша денсаулығына байланысты жарамсыздар, 27 жастан асқандар немесе әскери қызметте қаза тапқан туыстары бар азаматтар ғана шақырылмайды.