СҚО әкімдігі

Айдарбек Сапаров ветеринариялық бақылау бекеттерінің жұмысымен танысты

Өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Якорь ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің жұмысымен танысты. Бұл жерде мамандар 3 жарым мыңнан астам малдың денсаулығын қарайды.

ЖАНАТ ӘМІРЖАНОВ, СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

— Облыс бойынша 173 ветеринариялық пункт бар. Осы жылы 3 жануарларды қарайтын мекеме салынды. Ал биыл 57-сін саламыз деп жоспарлап отырмыз.

Бұдан кейін министр шекарадағы ветеринариялық бақылау бекетіне барды. Мұндағы мамандар шекара арқылы өтетін ет өнімдері мен мал азығының қауіпсіздігін қадағалайды.

ЕРБАТЫР МАДИЯРОВ, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті СҚО аумақтық инспекциясының басшысы:

— Қызылжар шекарасынан 67 автокөлік өтті. Соның ішіндегі көбі – малдарға құрама жем. Бүгінгі күні шекарадан тірі мал өткізілген жоқ. Қазақстаннан ет өнімдері, шұжық сияқтылар шығарылды.

Одан бөлек, алдағы уақытта өңірде 30-дан астам мал қорымы салынбақ.

Мәдина Қаби