Енді Конституция күні тамыздың 30-шы жұлдызында емес, наурыздың 15-інде тойланады. Яғни, жаңа Ата заңды қабылдау бойынша өткен жалпыхалықтық референдум күні атап өтіледі. Бұны қазақстандықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Президент азаматтардың саяси науқанда дауыс беруге белсенді қатысқанын атап өтіп, ризашылығын білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз.