Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сағат 10.00-ге дейін ел бойынша 2 млн 393 844 адам дауыс берген. Бұл – барлық көлемнің 19,21 пайызын құрап отыр. Осы жолы 12 жарым млн-ға жуық дауыс беруші тіркелген. Оның 365 мыңы – солтүстікқазақстандықтар. Референдум учаскелері ашылғалы үш сағаттың ішінде өңір тұрғындарының 18,72 пайызы өз таңдауын білдірді.