БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
— Міне, тарихи күнге де келіп жеттік. Отандастарымыз ҚР жаңа Конституциясын қабылдау бойынша дауыс береді. Референдум учаскелері сәлден кейін ашылады. Біз М.Қозыбаев университетінің №6 оқу корпусында орналасқан №581 референдум учаскесіне келдік. Бұл жерде қаланың орталық бөлігінде тұратын адамдар дауыс беретін болады.
Референдум учаскесі ашыла сала ішке бірінші дауыс беруші кірді. Ал алғаш таңдау жасаушыға сыйлық ұсыну – игі дәстүр. Мұндай жайт бүгін де көпшілік алдында көрініс тапты.
Солтүстікқазақстандықтар ел үшін аса маңызды күнде дауыс беру – азаматтық міндет деп санайды. Олар бюлленде белгі қалдыру арқылы Қазақстанның жарқын болағына үлес қостық деген пікірде.
ЗИЯДА БАЗАРБАЕВА, №581 референдум учаскесінің комиссия төрағасы:
— Біздің учаскеде 1584 адам дауыс береді. 10 жерлесіміз алғаш рет таңдау жасамақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарды да күтіп отырмыз. Олар үшін арнайы бұрыш әзірленген. Бақылаушылар учаске ашылмай келді. Арнайы іріктелген жандар тиісті тәртіптің сақталуын қадағалайтын болады. Сонымен қатар, жүрек жалғау мақсатында буфет жұмыс істеп тұр. Келушілерге ас-су ұсынылады.
№581 референдум учаскесінде жылжымалы урналар дайын тұр. Арнайы өкілдер келіп дауыс бере алмайтын жерлестеріміздің үйлеріне түскі 12:00 дейін түскен шақырту бойынша шығатын болады.