Петропавлда орналасқан Киров атындағы зауыт ұжымы жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысты. Мамандар Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, дауыс берді. Жас маман Әсел Әбішева. Конституция мемлекеттің негізгі заңы деп біледі. Бүгінгі науқанға қатысу – ертеңгі кемел келешекті кепілі.
ӘСЕЛ ӘБІШЕВА, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ қызметкері:
— Референдумға қатысып, дауыс беруді азаматтық парызым деп санаймын. Мұндай сәттен қалыс қалуға болмайды. Таңдау жасаған адам өзін мемлекеттік іске тырнақтай болсын үлес қосқандай сезінеді. Зауыт қызметкерлері референдумға белсенді қатысуда. Жұмыста бір-бірімізді алмастырып, дауыс беру орнына келіп жатырмыз.
