Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов өз таңдауын жасады. Ол Бескөл орта мектебіндегі №271 референдум учаскесінде дауыс берді. Аға буын өкілі бүгінгі шара өте маңызды дейді. Себебі, осы дауыстар арқылы елімізде үлкен өзгеріс болмақ. Ал сол өзгеріске әрбір азамат белсенді қатысып, енжарлық танытпағаны жөн. Қария елімізде өтетін саяси науқандардан шет қалмайды. Міндетті түрде қатысып, азаматтық борышын орындайды.
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Менің ойымша, еліміздің халқы оның ішінде ардагерлер болсын тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болатынына, еліміздің болашағына жани ашитын адамдардың барлығы референдумға келіп, дауыс берді. Бұл – біздің болашағымызды айқындайтын заң.
