Мерейтойы референдуммен тұспа-тұс келген қария! Бескөлдік Виктор Степанов бүгін 80 жасқа толды. Ол таңғы 5-те тұрып, дауыс беру учаскесіне асыққан. Демікпе дерті қысса да табанды теріскейлік таңдау жасайтын жерге алғашқылардың бірі болып жаяу келіпті. Жүргізушілік қызмет атқарған, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқан қария мұндай істен қалу жауапсыздық деп таниды.
ВИКТОР СТЕПАНОВ, Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
— Мен өзімнің шөберем және қызыммен келдім. Көңіл-күйім керемет. Таңда тұрып, осында келгенше жанымды қоярға жер таппадым. Міндетті түрде дауыс беру керек. Қоғамға өзгеріс керек. Сонда алға жылжу болады.
Жалпы, Бескөлде орналасқан №322 референдум учаскесіне 925 адам тіркелген. Оларды 5 адамнан тұратын комиссия мүшелері қабылдап жатыр.
