Sailau banner

СҚО әкімдігі

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина дауыс берді

Бұл – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында орналасқан №577 референдум учаскесі. Мұнда халық таңғы 7-ден келіп, өздерінің таңдауларын жасауда. Осы жерге 1,5 мыңнан астам қала тұрғыны тіркелген. Оларлың қатарында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина да бар. Халық қалаулысы алғашқылардың қатарында жалпыға ортақ парызды орындады.

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары:

— Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн дер едім. Осындай саяси шараларда әрдайым туған жеріме келіп, дауыс беремін. Жерлестеріммен бірге болғанды құп көремін. Біз жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Қаншама талқылаулар өтті. Мұның барлығы – еліміздің болашағына, ұрпақтың келешегіне арналған жұмыс. Бүгін бірде-бір адам тыс қалмауы тиіс.