Наурызнама онкүндігіне орай ел бойынша «Nauryz Sale» мерекелік акциясы өтіп жатыр. Шараға өңірдегі барлық сауда желілері қатысуда. Олар тұрғындарға 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдіктер ұсынады. Айта кету керек, акция аясында тек отандық кәсіпкерлердің тауарлары ғана жеңілдікпен сатылады.
БАҚЫТЖАН ФАТКУЛИНА, супермаркет директоры:
— Халық көп тұтынатын азық-түлік тауарлары жеңілдетілген бағамен сатылуда. Акция жайлы әлеуметтік желідегі парақшамызда жарияладық. Келуші тұрғындардың саны артты. Тауарлар тез таусылуда. Бірақ, бізде жеткілікті қор бар.
Ауқымды акция ел тұрғындары мен қонақтарына мерекелік атмосфера сыйлау мақсатында ұйымдастырылуда. Жеңілдікпен сатылып жатқан тауарлар арнайы мерекелік «Nauryz» белгісімен безендірілген.
