СҚО әкімдігі

Ел ағасы Тілек Әбдірахманов өз дауысын берді

Облыстың құрметті азаматы Тілек Әбдірахманов өз таңдауын жасады. Ол Қожаберген жырау атындағы 6-шы орта мектепте орналасқан №668 референдум учаскесінде дауыс берді. Тыл ардагері еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап өткен бірде-бір саяси науқаннан қалмаған. “Келісіп пішкен тон келте болмас” демекші, 90-нан асқан ел ағасы биліктің халықпен санасқанына дән риза. Ол барша солтүстікқазақстандықтарды референдумға біркісідей қатысуға шақырды.

ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, тыл ардагері, облыстың құрметті азаматы:

— Бұл саяси науқанның орны бөлек. Референдумға бейжай қарауға болмайды. Еліміздің тағдыры шешілетін шаралардан мүлдем қалмауымыз керек.