Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы кезекті мәрте бірліктің үлгісін көрсетті. Елді мекен тұрғындары түске дейін толық дауыс берді. Жалпыұлттық референдумға Сағындықовтар жанұясы да келді. Елге еңбегі сіңген отбасы мүшелері мемлекеттік деңгейдегі науқанға қатысу – Отанды құрметтейтін, баянды болашақ тілейтін әр адамның парызы деп біледі.
АЙТОЛЛА САҒЫНДЫҚОВ, Дайындық ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:
— Қазір зейнеттемін, оған қарамастан жұмыс істеп жатырмын қолдан келгенше. Бүгін елдің ертеңі шешілетін күн болғандықтан өз таңдауымызды шешуге келдік.
Айтолла Сағындықов – “Даңқ” орденінің, ал ұлы Азамат Сағындықов – “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері. Бірі сонау 79-шы жылы техника тізгінін ұстаса, екіншісі 15 жылдан бері бас аграном болып еңбек етеді.
АЗАМАТ САҒЫНДЫҚОВ, Дайындық ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:
— Осында туып өстік, жергілікті агроқұрылымда жұмыс істеймін. Бүгін азаматтық борышымды өтеуге келдім.
Айта кетейік, Дайындық ауылында 124 дауыс беруші тіркелген. Ал Аққайың ауданы бойынша 12 мың 600 адам дауысберуші бар. Олар 25 референдум учаскесінде таңдау жасау мүмкіндігін иеленді.
