Бұл – қалалық “БЭСТ” гимназиясында орналасқан №579 референдум учаскесі. Мұндағы шараның өту барысын Елена Коркина бастан-аяқ жіті қадағалайды. Байқаушының басты міндеті – дауыс беру рәсімдерінің ашықтығын және заңның сақталуын қамтамасыз ету. Азаматша егер қандай да бір құқықбұзушылықты байқаса, бірден видеоға түсіріп, комиссия төрағасына хабарлауы тиіс. Бірақ, ереже бұзу фактісі әлі тіркелмепті.
ЕЛЕНА КОРКИНА, №579 референдум учаскесінің байқаушысы:
— Шара жоғары деңгейде өтуде. Тұрғындардың белсенділігіне таңғалып отырмын. Аға буын өкілдері де, жастар да ағылып келіп жатыр. Байқаушы болу менің азаматтық парызым деп санаймын.
