Өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров референдумға қатысты. Қызылжар ауданындағы Якорь ауылында №318 референдум учаскесі орналасқан. Министр осы жерде бюллетень белгілеп, өз таңдауын жасады. Аталған референдум учаскесінде мың жарымнан астам адам тіркелген. Мұнда тұрғындардың дауыс беруі үшін тиісті жағдай жасалған. Үн қосу барысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 3 байқаушы жұмыс істеп отыр.
МАСИС ГРИГОРЯН, №318 референдум учаскесінің комиссия төрағасы:
— Тұрғындардың жартысынан көбі өз таңдауын жасады. Олар – Вознесенко, Вишневка және Якорь ауылдарының тұрғындары. 8-і алғаш рет дауыс берді. 20 адам үйінен дауыс беру туралы өтініш білдірді. Мамандарымыз олардың дауыстарын жинап әкелді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де жағдай жасалған. Кіреберісте арнайы батырма және арбамен көтерілетін саты бар. Одан бөлек, құлағы нашар еститін, зағип жандар үшін де арнайы құлаққап және қағаз дайындалған.
