Sailau banner

СҚО әкімдігі

Алғаш рет дауыс беруші

Анастасия Косова – өңірде алғаш рет дауыс берген жастардың бірі. Ол – 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы. Жас дауысберуші таңдауын өз мектебінде орналасқан №622 референдум учаскесінде жасады. Анастасия 7-ші наурыз күні кәмелет жасқа толған. Сондықтан ол осы жылы алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Бірінші рет ел болашағына қатысты өз қалауын білдірген оқушы бұл күнді өміріндегі маңызды әрі тарихи оқиға деп бағалайды.

АНАСТАСИЯ КОСОВА, №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы:

— Мен еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым. Бұл жерде әр азаматтың дауысы маңызды. Олардың таңдауларына қарай өзгеріс енгізіледі. Қоғамдағы әділдік пен заңның үстемдігін қолдай отырып, болашақта заңгер атанғым келеді. Себебі, әкем бар өмірін заң саласына арнады. Мен де әкем сияқты адал әрі әділ қызметкер болуды армандаймын.