Sailau banner

Мәдениет

Петропавлда референдумды қолдауға арналған концерт өтті

Петропавлдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде референдумды қолдауға арналған концерт өтті. Басты мақсат – өңір тұрғындарын алда өтетін саяси науқанға шақыру. Айта кету керек, шараны референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі облыстық штаб мүшелері ұйымдастырды.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, СҚО бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі облыстық штаб мүшесі:

— Штаб мүшелері бір ай бойы ауқымды жұмыс атқарды. Ондаған еңбек ұжымын араладық. Түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі шара – соның жалғасы. Концертке жастардың көптеп келгені көңіл қуантады. Өскелең ұрпақ елде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуы тиіс.

Концертте елге және өңірге танымал әншілер өнер көрсетті. Олар рухты көтеретін, отансүйгіштікке баулитын туындыларды орындады. Шара көрермендердің көңілінен шықты.

Концерт өте әсерлі болды. Орындалған әр туынды көңілімнен шықты. Сонымен қатар, референдум жайлы мол ақпар алдым.
Міндетті түрде өзімнің учаскеме барып, дауыс беремін. Бұл – менің азаматтық парызым.

Сауда ойын-сауық орталығы көрерменге толы болды. Барлығы 15-ші наурыз күні өтетін науқанға біркісідей қатысатындарын жеткізді.

Жаннұр Бектұрғанова