Sailau banner

ТЖ

Петропавлда өрттен 38 жастағы әйел адам қаза тапты

Петропавлда түн ортасында Жұмысшы кентінің Пугачев көшесі бойында өрт шығып, адам өлімі тіркелді. Қайғылы оқиға кезінде үй ішінде 88-ші жылы туған әйел болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау барысында үй ішінен әйел адамның мәйітін тапты. Қазір өттің шығу себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, нәзікжанды бұл үйді жалдап тұрған. Жалынды сөндіруге 15 адам және 6 техника жұмылдырылды. Жалпы, жыл басынан бері облыста 120-ға жуық өрт тіркеліпті. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 4 адам дене жарақатын алған.