Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтарДенсаулық сақтау

Петропавлда “OLYMP” клиникалық-диагностикалық зертханасының кезекті нысаны ашылды

“OLYMP” клиникалық-диагностикалық зертханасы СҚО филиалы Петропавлда 7-ші нысанын ашты. Жаңа биоматериал қабылдау пунктінде 2 процедуралық кабинет болмақ. Алғашқы кезде орталық сағат таңғы 08:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда мүгедектігі бар жандарға да айтарлықтай жағдай жасалған.
Филиал басшысы Айжан Бимаханованың сөзінше 20 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан мекеменің өңірде 13 биоматериал қабылдау пункті бар, олардың 6-уы алыс-жақын аудандарда орналасқан.

АЙЖАН БИМАХАНОВА, “OLYMP” клиникалық-диагностикалық зертханасы СҚОФ басшысы:

— Солтүстік Қазақстан облысы аумағында біз 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Біздің басты артықшылығымыз – зерттеулердің жоғары нақтылығы. Себебі, біз заманауи швейцариялық жабдықтармен жұмыс істейміз. Нәтижесінде 3 мыңнан астам зерттеу түрін жүргізе аламыз. Сонымен қатар, біздің басты зертханамыз Петропавл қаласында орналасқан. Бұл да бір артықшылық десек болады. Себебі, өзге орталықтар Астана, Алматы қаласына анализ жіберіп уақыт жоғалтса, біз нәтижелерді өте қысқа мерзім ішінде ұсынамыз.

“OLYMP” клиникалық-диагностикалық зертханасы көрсететін қызмет сапасы мен оның қолжетімділігіне де ерекше көңіл бөледі. Мұнда пациенттер үшін мобильді қосымша іске қосылған. Заман игілігі арқылы әрбір азамат орталықтағы барлық анализ түрлерімен танысып, оның бағасын біліп, қажеттісін таңдап ала алады. Бұл өз кезегінде клиенттердің уақытын үнемдейді. Жаңадан ашылған зертханаға бірінші болып келіп, анализ тапсырған жандардың бірі – Меруерт Қошембаева. Нәзікжанды 2 жылдан бері осы медициналық орталықта зерттеуден өтеді. Айтуынша, аталмыш диагностикалық мекеменің бағалары тиімді әрі қызметтері де сапалы.

МЕРУЕРТ ҚОШЕМБАЕВА, қала тұрғыны:

— Бүгін қаламызда “OLYMP” зертханасының жаңа бөлімшесі ашылып жатыр, осында келіп анализ тапсырдым.

Қазіргі таңда медициналық нысанда түрлі акция жүріп жатыр. Сонымен қатар, жаңадан ашылған биоматериал қабылдау пунктіне келген жандарға 15 пайыз жеңілдік ұсынылады. Айта кетейік, жаңа клиникалық-диагностикалық мекеме Бөкетов көшесі, 16 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Ұлан Ыдырыс