Sailau banner

Қоғам

Петропавлда 37 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады

Петропавлдағы Заводская көшесіндегі жатақханалардың бірінің маңында адам өлімі орын алды. 37 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ол өз тамағын өзі кесіп жіберген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шақыртылған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.