Sailau banner

Білім

ҒЖБ министрі Саясат Нұрбек Kozybaev University басшылығымен кездесті

Kozybaev University басшылығы мен Аризона университетінің өкілдері елордада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті. Басқосу барысында солтүстікқажақстандық жоғары оқу орнының жетістіктері мен халықаралық серіктестікті дамытудың жаңа бағыттары талқыланды. Солардың бірі – маркетинг бойынша америкалық университетпен бірлесіп жасалатын жаңа оқу бағдарламасы. Бағдарлама нарықты талдау, цифрлық құралдарды меңгеру, бизнес үдерістерін қадағалау бойынша дағдыларға үйретеді. Бұндай бастамалар білім беру стандартын халықаралық деңгейге жеткізуге мүмкіндік беріп, сұранысқа ие кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кездесу барысында бизнес және менеджмент саласындағы қосдипломды бағдарламаның ашылғаны туралы да айтылды.