Sailau banner

СҚО әкімдігі

Жаңа Конституция – дамушы елге серпін берер құжат

Тұтас елді дамыту үшін әрбір салаға көңіл бөлу керек. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы секторының өзіндік орны бар. Азық-түлік қауіпсіздігі – мемлекеттің тұрақтылығы. Агроөнеркәсіптік кешен өкілдерінің қуанышына орай, билік қолдауды жылдан-жылға арттыруда. Жәрдемнің арқасында алға жылжу бар. Көмек ұсыну жалғасады. Халықтың өміріне, қоғамның тыныштығына негізделген шаралар Ата заңда көрініс тапқан.

ОЛЖАС ӘРЕНОВ, Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

— ұған дейін шаруаларға қолдау мемлекеттік бағдарламалар және субсидия түрінде көрсетілді. Алайда, ол ауқымды өзгеріс әкелмеді. Ауылдарда нашар инфрақұрылым, интернеттің жоқтығы және лайықты еңбек жағдайының жасалмауы сынды мәселелер сақталып қалды. Ал жаңа Ата заңның жобасында әлеуметтік көмекке басымдық берілген, әрбір адамды қорғау, қолдау бойынша нақты қағидалар жазылған. Бұл өзгеріс бізге керек. Өз басым жаңашылдықты құптаймын.