Тайынша ауданының әлеуметтік саласына саналы ғұмырын арнаған Нина Попова Ата заңның жаңа жобасын қолдайды. Зейнеткер Тайыншадағы қарттар үйінде 14 жыл бойы директор болып қызмет еткен әрі 7 жыл жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы болған. Айтуынша, жаңа Ата заң еліміз үшін аса қажет. Себебі, бұл – мемлекеттің дамуына ықпал ететін маңызды құжат.
НИНА ПОПОВА, Тайынша ауданының құрметті азаматы:
— Зейнеткер ретінде жаңа Конституция жобасын қолдаймын. 15-ші наурыз күні жергілікті ардагерлер де референдумға барып, өз таңдауларын жасайды. Қазір ауданда 7,5 мың ардагер бар, олар өте белсенді, аудандағы маңызды шешімдерді қабылдауға біркісідей ат салысады.
