Референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі облыстық штаб мүшелері түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Олар бүгін «Eurasian Milk»серіктестігінің ұжымымен кездесті. Жиын барысында арнайы өкілдер қызметкерлерге алдағы тарихи шараның маңызы туралы айтты, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жіпке тізді. Кездесу барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ұсыныс-тілектерін білдірді. Оларға штаб өкілдері барынша ақпар берді.
ОЛЕГ КОЛТУНОВ, СҚО бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі штабтың мүшесі:
— Жеке басым түсіндіру жұмыстары басталғалы 4 жерде болдым. Тұрғындардың барлығы бірдей алдағы референдумнан хабардар, өзгерістердің барлығымен таныс деп айта алмаймын. Жерлестеріміз түрлі сұрақпен жүгінеді. Бірі білімге, ал екіншісі денсаулық сақтау саласына қатысты білгісі келеді. Біз барынша жаңа Конституция жайлы баяндаймыз. Қуантарлық жайт, қоғам өзгерісті қалайды, референдумды құптайды.
Қазіргі таңда сүт өнімдерін өндіретін «Eurasian Milk» серіктестігінде 400-ден астам қызметкер жұмыс істеуде. Олар алдағы науқанға біркісідей қатысып, дауыс береміз деп отыр.
