Sailau banner

СҚО әкімдігі

Ата заңдағы өзгерістер – ел күткен өзгерістер

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандығын қорғауға ерекше мән берілген. Ең бастысы – әр азаматтың өмірі мен жеке бостандығы заңмен жаңашыл түрде қорғалатыны айқын көрсетілген. Мәселен, 18-бапта мындай ережелер белгіленген:

1. Әр адамға жеке басына тиіспеу құқығына және жеке бас бостандығы құқығына кепілдік беріледі.

2. Сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды.

Күзетпен ұстауға сот шешімімен ғана рұқсат етіледі және оған шағым жасау құқығы беріледі.

3. Әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негізі мен құқықтары түсіндіріледі.

4. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар.

Осы орайда Новоишим қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мерейхан Мұқашев өз ойын білдірді.

МЕРЕЙХАН МҰҚАШЕВ, Новоишим қазақ орта мектебі директорының орынбасары:

— Жаңа Конституция жобасын адамның құқығы мен бостандығына, өміріне бағытталған ең басты құжаттардың бірі деп санаймын. Жоба Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың өмірі мен бостандығының жаңашыл түрде қорғалатынын айқындап отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан “Адал азамат-біртұтас тәрбие” бағдарламасы осы қағидалар мен құндылықтарды біздің білім ошағымызда тиімді түрде енгізіп, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беріп отыр.

Жангельді Жамалиев