Sailau banner

Қоғам

Шал ақын ауданында Социалистік Еңбек ері Е. Шайкиннің мерейтойына орай еске алу кеші өтті

Биыл Социалистік Еңбек ері Есім Шайкиннің туғанына 100 жыл толып отыр. Қоғам қайраткерінің мерейтойына орай Шал ақын аудандық мәдениет үйінде еске алу кеші өтті. Шараға өңірге белгілі тұлғалар мен жастар қатысты. Қатысушыларға теріскейдің біртуар перзенті жайлы мол мағлұмат берілді. Есім Шайкин – Ұлы Отан соғысының ардагері. Майданнан кейін колхозда жұмыс істеп, өзінің еңбекқорлығымен көзге түседі. Азамат бірнеше ауылға мектеп пен баспаналар салып берген. Үйсіз жүргендерге пана болып, халықтың әл-ауқатын көтеруге зор үлесін қосты. Мерекелік шарадан кейін шара қонақтары Еңбек ерінің есімі берілген мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Білім ұясына естелік сыйлықтар табыс етті.