Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Петропавлда суық қару алып жүрген ер адам ұсталды

Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері суық қару алып жүрген ер адамды ұстады. Оқиға кешкі уақытта болды. Қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген кезекші топ күмән тудырған тұрғынды тоқтатып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде оның күртесінің қалтасынан ұзындығы шамамен 35-40 см болатын пышақ табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, күдікті полиция қызметкерлеріне тапсырылды.