Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Петропавлда 150 литр заңсыз спирт тәркіленді

5 литрлік 30 пластик бөтелке және жарты литрлік 8 шыны бөтелкедегі спирттік өнім. Бұның барлығын полицейлер рейд барысында Петропавлдағы гараждардың бірінен тапты. Одан бөлек, ол жерден 500-ге жуық қорап темекі де тәркіленді. Тауар иесі спирттік өнімдерді заңсыз түрде сатып жүрген. Ал тауарларда акциздік маркалар және тұтынушының қауіпсіздігін растайтын құжаттар да жоқ. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.