Sailau banner

Қоғам

Елімізде сыра және сыра өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалау енгізілді

1-ші ақпаннан бастап Қазақстанда сыра және сыра өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Жаңа талапқа сәйкес, барлық тауарда “Data Matrix” коды болуы тиіс. Сатып алушы бірнеше секундта өнімді сканерлеу арқылы атауын, өндірушісін және қозғалыс бағытын анықтай алады. Яғни, зауыттан дүкенге, кейін тұтынушыға дейінгі жолы қадағаланады.

ЕРБОЛ ШӘЙМЕРДЕНОВ, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

— Мемлекеттік кірістер комитеті осы арқылы заңсыз сатылымның алдын алғысы келеді. Талапты орындамаған кәсіпкерлерге алдымен ескерту жасаймыз. Оған көнбесе, 30 АЕК көлемінде айыппұл саламыз. Айта кету керек, бұдан былай таңбаланбаған сыраны өндіруге және импорттауға тыйым салынады.