Жолаушыларға дер кезінде жәрдем жетті. Демалыс күндері жауған қар мен дүлей боран өңірімізде 8 көлікті жолда қалдырды. Шал ақын ауданындағы Ступинка мен Семиполка ауылдарының арасында 7 бірдей темір тұлпар тұрып қалған. Олардың ішінде 20 адам болыпты, оның 3-еуі – бала. Ал Тимирязево ауылынан 17 шақырым жерде бүтін бір отбасыға көмек көрсетілді. Автомобильде ер азамат, жүкті әйел және 2 бала болған. Көліктер сүйреп шығарылып, адамдар жақын маңдағы елдімекендерге жеткізілді. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
