Sailau banner

СҚО әкімдігі

Серік Мұхамедиев Петропавлды қардан тазалау жұмыстарымен танысты

Петропавлда қармен күрес жалғасуда. Облыс орталығының әр ауданы, әр көшесі назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл – іске жауапты мердігерлерге басшылық жүктеген тапсырма. Жұмысшы кентіндегі маңызды жұмысқа “OmegaStroy” серіктестігі жауапты. Мамандар тәулік бойы тер төгіп жатыр. Біраз шаруаның басын қайырыпты.

АСҚАР ТАСТЕМІРОВ, мердігер:

— Қазір су басу қаупі төніп тұрған жеке сектордан қар шығарып жатырмыз. Іске 50-ге тарта техника тартылған. Статистика жүргіземіз. Жыл басынан бері 100 мың текше метрге жуық қар шығардық. Жұмыс 2 ауысымға көшірілген, яғни мамандарымыз күндіз де, түнде де еңбек етуде. Жұмысқа жауапкершілікпен қараймыз.

Қар шығару жұмысымен шаһар басшысы Серік Мұхамедиев танысты. Мердігерлермен тілдесу барысында қала әкім іске қарқын қосу қажеттігін айтты. Жылы күндердің ауылы алыс емес. Температура бірден көтерілсе, тазаланбаған көшелер, үйлер суға кетуі әбден мүмкін.

СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

— Қыс басталғалы Петропавлдан 550 мың текше метр қар шығарылды. Ақ ұлпа шаһар сыртындағы 3 полигонға жеткізілді. Мақсатымыз – іске қарқын қосу. Сол үшін мердігерлер техника санын арттыруда. Арықтарды тазалау жұмысын да назарда ұстаймыз. Бүгінге дейін жоспар 70 пайызға орындалды.

Мердігерлер тұрғындармен байланыс орнатуы тиіс. Яғни, адамдар қардың шығарылуына үлес қосуы керек. Серік Мұхамедиев осыны айтып өтті. Жақында көшеде қар тасымалдаған техника саны артады. Петропавлда сенбіліктер ұйымдастырылмақ.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:

— Алдағы 10 күннің ішінде ауқымды 2 сенбілік өткізуді көздеп отырмыз. Оған көлік тасымалымен айналысатын барлық компания қатысады. Бірлесе әрекет етудің арқасында максималды көлемде қар шығарылады. Тұрғындарды атсалысуға шақырамын. Ауладағы қарды көшеге шығарсаңыздар, арнайы техника алып кетеді.

 

Байболат Құлтанов