Sailau banner

Білім

Назарбаев зияткерлік мектебінде “Хакатон” ойыны өтті

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған “Хакатон” ойыны өтті. Биыл 4-ші рет ұйымдастырылған шараға 9-12 сынып оқушылары қатысты. 16 сағат ішінде балалар түрлі технологиялық жоба ұсынып, еңбектерін сарапшылар алдында қорғады. 50 команданың ішінен топ жарғаны ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ӘДІЛБЕК ИСМАҒҰЛОВ, Жаратылыстану-математика бағытындағы НЗМ информатика пәні мұғалімі:

— Хакатонға балалардың қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатыр. “Практикалық мәні жоғары деп есептейміз. Өйткені, оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде өзекті мәселені айқындайды. Содан кейін мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таңдап, соны сарапшыларға ұсынады.