Жаңа Конституция – халық пен мемлекет арасындағы сенім кепілі. “Қабылданатын Ата заң биліктің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін күшейтеді”, – дейді Ғабит Мүсірепов аудандық “Мансап” орталығының бөлім басшысы Руслан Нұрмақанов. Тұрғындармен тығыз байланыста жүрген маманның ойынша, құжатта адамдардың өміріне айтарлықтай мән берілген.
РУСЛАН НҰРМАҚАНОВ: Ғ.Мүсірепов аудандық “Мансап” орталығының бөлім басшысы:
— Жаңа құжатта әлеуметтік қорғау туралы кеңінен түсіндірілген. Медицина, білім және басқа да негізгі салалардағы тегін көмектер жайлы да айтылған.
