Sailau banner

СҚО әкімдігі

Ел бірлігін көрсететін сәт

Ел бірлігін көрсететін сәт! “Келісіп пішкен тон келте болмас” дегендей, өткен ғасырдың соңында қабылданған Ата заңымыз жақында халықтың таңдауымен жаңармақ. Саяси науқанға Тайынша ауданының тұрғындары белсенді дайындалып жатыр. Бүгінде мұндағы адамдар өздерінің дауыс беру учаскелерін анықтаған. Жерлестеріміз күллі отандасымыздың, болашақ ұрпақтың өміріне тікелей әсер етер құжаттың қабылдануына үлес қосу – азаматтық міндетіміз деп санайды.

МЕРЕКЕ ХАМЗИН, “AMANAT” партиясы Тайынша аудандық филиалының төрағасы:

— Конституция жобасында адам құқығы мен бостандығы ең басты орынға қойылған. Бұл мемлекет халыққа жақын дегенді білдіреді. Адамның ар-намысы, қадір-қасиеті де қорғалады. Осы орайда мен партия өкілі ретінде барша Тайынша ауданының тұрғындарымен тілдесемін, оларды еліміз үшін маңызды жаңа құжатпен таныстырамын әрі адамдардың сұрақтарына жауап беремін. 15-наурыз күні өз таңдауымды жасаймын. Бұл – менің азаматтық міндетім.