Sailau banner

Қоғам

СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері марапат алды

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қыз-келіншектері де назардан тыс қалмады. Темірдей тәртіпке сүйенген азаматшалар үшін салтанатты шара ұйымдастырылды. Оның барысында қызметке адал 50-ге жуық қызметкерге құрмет көрсетіліп, түрлі марапат және шен табысталды. Сондай-ақ, мамандардың аналарына да алғыс айтылды. Жүздері бал-бұл жайнаған жандардың қатарында әйелдер колониясының бөлім бастығы Айгүл Мұқышева да бар. Мейрам иесі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының Алғыс хатымен мадақталды.

АЙГҮЛ МҰҚЫШЕВА, СҚО бойынша ҚАЖД №50 мекемесі бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы:

— Осы салаға келуімнің басты себебі – отбасылық дәстүр. Ағаларым мен әпкелерім де осы жүйеде ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнетке шықты. Келе жатқан мерекемен барша әйелдер қауымын шын жүректен құттықтаймын. Әрбір жанға әйел бақыты мен зор денсаулық тілеймін.

 

Жангельді Жамалиев