Sailau banner

Мәдениет

Петропавлда әйелдер киімдері топтамасының тұсаукесері өтті

Петропавлда әйелдер киімдері топтамасының премьералық тұсаукесері өтті. Басты мақсат – “Ботай” мәдениетін қазақи үлгідегі киімдер арқылы әлемге таныту. Шараны “AMANAT” партиясы СҚОФ жанындағы әйелдер қанатының өкілдері ұйымдастырды.

АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, “AMANAT” партиясы СҚОФ жанындағы әйелдер қанатының төрағасы:

— “Ботай” мәдениеті арқылы ұлттық мұрамызды жаһан жұртына танытуымыз керек. Заманауи киімдерді көрсету арқылы біз белгілі бір жетістіктерге жете аламыз.

Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған басқосуға облыс әкім Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Шараның ерекше есте қалған сәті – көрсетілім. Жұртшылық алдына бірінен соң бірі шыққан арулар мен жігіттер елге танымал сән дүкендерінің шапандары мен көйлектерін паш етті. Этно мен заманауи үлгі ұштасқан киімдерді жиналған қауым жоғары бағалады. Көрсетілімнен кейін қазақ театрының залында ауқымды мерекелік концерт өтті. Сахнада елге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Құлақтың құрышын қандыратын музыка, көз сүйсіндірер би және жүрекжарды тілектер. Бұның барлығы өмірдің мәні, тіршіліктің сәні саналатын аяулы аруларға арналды.

 

Нұрасыл Ахмет