Sailau banner

Қоғам

Құтқарушы арулар құттықтау қабылдады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Төтенше жағдайлар департаментінің нәзікжандылары да құттықтау қабылдады. Елдің игілігі, халықтың амандығы жолында қалтқысыз еңбек етіп жүрген азаматшалар үшін салтанатты шара ұйымдастырылды. Оның барысында мамандарға түрлі марапат табысталды. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы жоғары бағалаған азаматшалар – қоғамның маңызды өкілдері. Қыз-келіншектердің жаны нәзік болғанымен бойларында қайсарлық бар. Осы қасиеттің арқасында олар әртүрлі салада еңбек етіп жүр.

ДАРИНА ОРАЗАЕВА, қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонист маманы:

— Азаматтық қорғау органдарында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Біздің міндет – өрт шыққан жерге қызметкерлер мен техниканы шұғыл түрде жіберу. Жауапты жұмыс. Бірақ, өзіме жәрдем берген ұнайды. Мерекелік шара қыздар қауымына ұнады. Әріптестеріме алғысым шексіз.

Жалпы, салтанатты жиында 15 адам сахнаға шықты. Оларға аймақ басшысының, министрдің және департамент басшысының Алғыс хаттары табысталды. Осы кеш арқылы жауапты салада тер төгіп жүрген ерлер қауымы өзге де нәзікжандыларды мерекемен құттықтайды.

ЕРБОЛ МҰХАНБЕТАЛИН, СҚО ТЖД басқарма бастығы:

— Құрметті ханымдар, сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге бар жақсылықты тілеймін!

Халықаралық әйелдер күніне арналған шара концертпен жалғасын тапты. Залдағы қыз-келіншектер үшін жергілікті таланттар өнер көрсетті.

Жаннұр Бектұрғанова