Sailau banner

Қоғам

Әскери бөлім басшылығы нәзікжандыларды құттықтады

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына қарасты 6637 әскери бөлімінің басшылығы нәзікжандыларды құттықтады. Бүгінгі таңда бұл бөлімде 37 қыз-келіншек еңбек етеді. Оларға артылған жүк ауыр. Әйелдер қауымы ел қорғандарына тәлім-тәрбие беру ісіне белсенді қатысады. Тындыруды қажет ететін бұдан бөлек те жұмыстар бар. Салтанатты кеште марапат өз иесін тапты. Қиындығы басым салада жүрген қайсар азаматшаларға өңір жетекшісі, “Орталық” өңірлік қолбасшылығы және бөлім командирі атынан Алғыс хаттар табысталды. Кеште нәзікжандылардың құрметіне ән шырқалды, би биленді.

ЕРКЕЖАН ҒАЛЫМЖАН, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің қызметкері:

— Әскери бөлімде 1 жарым жыл жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Бүгін облыс әкімінің Алғыс хатына ие болдым. Алғысымды білдіремін.