Sailau banner

Білім

Шалғай ауылдардағы мектептерге электронды кітап жүйесі сыйға тартылды

Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. Өңірімізге «Алматыкітап баспасы» баспа үйінің өкілдері келіп, ерекше тарту жасады. Құрметті қонақтар шалғай ауылдарда орналасқан 41 шағын жинақты мектепке және Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына электронды кітап жүйесін сыйға тартты. Сыйлықтың бір-біреуі 400 мың теңге тұрады.

Тың жүйеде мұғалімдер мен оқушыларға арналған кітаптар, әдістемелік құралдар және басқа да қосымша материалдар бар. Бастама Президенттің цифрландыру бағдарламасын қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, өңірде заманауи білім беру технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

ГҮЛНҰР ҚҰДАЙБЕРГЕН, “Алматыкітап баспасы” баспа үйінің вице-президенті:

— “TOPIQ-MOBILBOX” – біртұтас экожүйе. Ішінде 300-ден астам оқулық бар. Бұл PDF түрі ғана емес, ішінде аудио, видеолар бар. Мысалы, оқушылар “Менің атым – Қожаны” оқыса, жүйеден видеосын қарап, сюжетін оқи алады.

Жүйе интернетсіз де жұмыс істей береді. Шалғай ауылдарда орналасқан мектептер үшін нағыз тарту. “Жүз рет естігенше, бір рет көр” дегендей, электронды жаңашылдық балаларға ұсынылған ауызша ақпаратқа қосымша дерек болады.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО білім басқармасының басшысы:

— Жобада 3 тілде де кітаптар бар. Менің ойымша, оқу-тәрбие процесінде бұл құрылғы өте пайдалы. 01.55-02.19 Барлық мектеп 100 пайызда оқулықпен қамтамасыз етілген. Жетіспеушілік деген жоқ. Жыл сайын қаржы бөлініп отырады.

Электронды кітаптар жүйесі тарту етілген мектептер таңдап алынған. Себебі, дәл осы білім ұяларында заманауи жабдықтар жетіспейді және интернетке қолжетімділік әлі де шектеулі болып отыр.

 

Мәдина Қаби